Мектептерге

Серіктес мектептің цифрлық кабинеті

1–11 сынып бір кабинетте: оқушылар Kidstopia, «Негіз» және Talapker платформаларында оқиды, мұғалімдер өз сыныбын жүргізеді, ата-аналар баласының нәтижесін көреді, директор бүкіл мектепті бір дашбордтан бақылайды.

Өтінім қалдыру →
Мектеп не алады

Барлық деректер — бір жерде

Директор кабинеті

Мектептің адамдары, сыныптары, оқушылары және есебі бір бетте. Директор мұғалімдерге өзі логин мен құпиясөз береді.

Мұғалімдер

Әр мұғалім тек өз оқушыларын көреді: кім оқып жүр, кім 3 күннен бері үнсіз, кімге көмек керек.

Оқушылар Excel-ден

Бүкіл мектептің тізімін бір рет қоясыз: сынып бойынша бағдарлама өзі таңдалады, әр оқушыға ID мен код бірден беріледі.

Ата-ана кабинеті

Мұғалім ата-анаға WhatsApp арқылы сілтеме жібереді. Ата-ана өз аккаунтымен кіріп, тек өз баласының нәтижесін көреді.

Есеп-дашборд

Бағдарламалар, сыныптар, мұғалімдер, 12 апталық белсенділік, ҰБТ светофоры. Кеңеске көрсету режимі және CSV.

Мектептің беті

mektepkeqadam.kz/<мектеп> — мектептің ашық беті, өтінім формасы және жиынтық нәтижелер (аты-жөнсіз).

Бағдарламалар

Сынып бойынша — өз платформасы

Тізімді жүктегенде оқушы сыныбына қарай бағдарламаға өзі түседі.

1–6 сынып

Kidstopia

Оқу, логика, ойын арқылы дағдылар. Бала ID мен PIN арқылы кіреді, ата-ана үйде «Бастау» арқылы ашып береді.

7–9 сынып

«Негіз»

Негізгі пәндер бойынша күнделікті норма және деңгейлер. Мұғалім стартты және өсуді бақылайды.

10–11 сынып

Talapker

ҰБТ-ға дайындық: пробалар, светофор, мақсатты ЖОО, грантқа жол. Ата-ана жаңа проба туралы хабар алады.

Көрініс

Кабинет қалай көрінеді

Скриншоттар — демо-деректер.

Директор кабинеті: мұғалімдер, сыныптар, оқушылар
Директор кабинеті: адамдар, сыныптар, оқушылар
Excel-ден тізім жүктеу: предпросмотр, бағдарламалар
Excel-ден жүктеу: бағдарлама сынып бойынша таңдалады
Есеп-дашборд: бағдарламалар, белсенділік, светофор
Есеп-дашборд: бағдарламалар және белсенділік
Ата-ана кабинеті: баланың белсенділігі
Ата-ана кабинеті: тек өз баласы
Қалай бастаймыз

Алты қадам

  1. 1

    Өтінім

    Төмендегі форманы толтырасыз — біз хабарласып, кездесу белгілейміз.

  2. 2

    Келісім

    Оқушы саны (пакет), жауапты адам және басталу күні келісіледі.

  3. 3

    Директорға кабинет

    Әкімшілік мектепті ашады, директорға логин береді, ата-ана кабинетін қосады.

  4. 4

    Мұғалімдер

    Директор мұғалімдерді қосады — әрқайсысына email және құпиясөз.

  5. 5

    Оқушылар

    Excel-ден тізім жүктеледі; ID мен кодтар CSV немесе басып шығаратын карточка болып шығады.

  6. 6

    Ата-аналар

    Мұғалім әр ата-анаға WhatsApp арқылы шақыру жібереді.

Серіктестік шарттары

Серіктес мектеп — білім беру орталығымен бірдей шартта

Бағасы оқушы санына байланысты және кездесуде келісіледі.

Келісімшарт

Мектеп пен MektepkeQadam арасында келісімшарт жасалады: мерзімі, оқушы пакеті және жауапты адам көрсетіледі.

Оқушы пакеті

Кабинетте келісім бойынша лимит бар — ол толса, әкімшілік пакетті кеңейтеді. Түлектер мен мұрағат орын алмайды.

Жауапты директор

Мектеп тарапынан бір директор: ол мұғалімдерді қосады, тізімді жүктейді, есепті көреді.

Деректер мектепте қалады

Мұғалім кетсе, оқушылар мектепте қалады: директор оларды басқа мұғалімге ауыстырады.

Қауіпсіздік

Әркім тек өзіне тиесілісін көреді

  • ✓Мұғалім — тек өз оқушыларын.
  • ✓Ата-ана — тек өз баласын, мұғалімнің жазбаларынсыз.
  • ✓Ата-ана шақыруы бір реттік, 7 күн жарамды; мектеп ата-ананы кез келген уақытта ажырата алады.
  • ✓Ашық бетте тек жиынтық сандар — оқушылардың аты-жөні көрсетілмейді.
  • ✓Оқушы кодтары базада тек хеш түрінде сақталады.
Өтінім

Мектебіңізді қосайық

Форманы толтырыңыз — біз хабарласып, демо-кабинетті көрсетеміз.

Жіберу арқылы сізбен байланысуымызға келісесіз.